№3 КОНСУЛЬТАТИВТІ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
ЕМХАНА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

Мекен-жай: 071412, Абай облысы, Семей қ.,
Физкультурная көшесі, 4
Регистратуранын номерлары: 31-52-26, 31-58-87

Емделушінің құқығы мен міндеттері

Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  2. медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  3. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  4. медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;
  5. диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
  6. басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;
  7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;

2 және 4 пункттерде көрсетілген емделушілердің міндеттері, стационардағы ем қабылдаған баланы  күтіп жатқан  ата-аналар немесе басқа тұлғаларға арналған.

Полезные ссылки