№3 КОНСУЛЬТАТИВТІ-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ
ЕМХАНА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ

Мекен-жай: 071412, ШҚО, Семей қ.,
Физкультурная көшесі, 4
Телефон, факс: 8 (7222) 31-63-43

Емхана тарихы

Жоба өз жұмысын Ел басының «Әлеуметтік сфера алдында бизнестің жауапкер-шілігі жайлы»үндеуі бойынша 2009 жылы өз жұмысын бастады.

«Семей қаласының № 3 консультативтік-диагностикалық емханасы» мекемесінің жаңа ғимараты 2013 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. № 3 КДЕ жалпы аумағы 4500кв/м алатын екі ғимаратта орналасқан. Жалпы жоспарлы қуаттылығы ауысымда 394 келіп-кетуді құрайды.

07.06.2013ж. № 3967-1917-27-У-е  Семей қаласының юстициясымен заңды тұлғаның тіркелгені жайлы анықтама берілді.

Жарғы бойынша Мекеме жеке меншік нысаны, жергілікті бюджеттен ТМККК шеңберінде қаржыланыпжұмыс жасауда.

Миссия: Жоғарғы медициналық технологияларды, профессионализмді, қамқорлық пен рақымшылықты пайдалану жолымен барлық отбасы мен бүкіл қоғамның денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау.

Мақсат: Пациенттерге медициналық қызмет көрсетуде жақсы жетістіктерге жету.

Қызметтің негізгі түрі:  Бастапқы медико-санитарлық көмек, бейінді мамандардың үлкендер мен балаларға мамандандырылған көмек көрсету, диагностикалық және зертханалық қызметтер.

Қызмет көрсету аумағы:тіркелген халық жалпы саны-20731 адам.

Мекеме номенклатурасы: Емханада 22 профильдік мамандармен улкендер мен балаларға консультативтік көмек пен бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетіледі. Функционалдық және диагностикалық зерттеулер, уақытша еңбекке жарамсыздық пен мамандыққа жарамдылық бойынша сараптама жүргізіледі.8 төсек-орындық Күндізгі стационар жұмыс істейді. 3 мектеп медпункті бекітілген.

Бөлімшелер: Консультативтік-диагностикалық бөлімше, аумағы – 3500кв/м және Бастапқы медико-санитарлық көмек бөлімшесі, аумағы – 1000кв/м.

Мекемеде қызмет ететін адам саны - 163.

Полезные ссылки